26
сентябрь
2022
Мектепшілік «Ұланбасы-2022» сайлауы. Дауыс беру нәтижесі








«Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-де білім алушылардың өзін-өзі басқаруы бойынша «Ұланбасы» сайлауы болып өтті.
"Ұланбасы" сайлауы мектеп қабырғасында, жасырын дауыс беру арқылы өткізілді. Мектепшілік «Ұланбасы-2022» сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мақсатында сайлау комиссиясы құрылып, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы үміткерлігіне алдын – ала байқау жарияланды.
Дауыс берушілер (ұстаздар, оқушылар) үміткерлердің жеке бағдарламалары және ақпараттық үгіт-насихат материалдарымен таныс болып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесі жарияланып, 10 «А» сыныбының оқушысы Әбілмажина Зере өзін-өзі басқаруы бойынша «Ұланбасы» болып сайланды.