01
апрель
2022
" Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылына жас бүлдіршіндерді оқуға шақырады!
" Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылына жас бүлдіршіндерді оқуға шақырады!
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша 87012462603 немесе 87789148182 номерлеріне хабарласуларыңызға болады.