07
февраль
2025
Поэзия кеші
Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінде 9 ақпан - қазақтың ақиық ақыны, поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты поэзия кеші өткізілді. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағұлмат беріліп, өз даусымен жазылған аудио тыңдалды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, арнау арнап, көріністер қойды. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, көрермендерге ақын шығармашылығымен байланысты сұрақтар қойылды. Ұйымдастырылған поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып қана қойMay, Мұқағали Мақатаев мұрасының мәңгілік екенін дәлелдеді.