13
февраль
2023
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»
Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
📚📚📚📚📚📚📚📚📚
Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан - деп жырлаған Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу, оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.