Все публикации пользователя admin » Страница 30 » 1. 'Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен' отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
9 қазан күні 1 - 4 сынып оқушылары арасында Республика күніне орай "Атамекен" тақырыбында патриоттық диктант байқауы өтті.
19
октябрь
2022
9 қазан күні 1 - 4 сынып оқушылары арасында Республика күніне орай
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
Ұлттық мектеп лигасы
19
октябрь
2022
Ұлттық мектеп лигасы
Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінің  7-8 сынып оқушылары "Ұлттық мектеп лигасы" аудандық кезеңі баскетболдан 1- орын иеленді.Облыстық кезеңге жолдама алды. Жаттықтырушысы  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Жамали Е.М
Республика кініне орай  отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге және туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында  8 сынып оқушыларымен "Егемен елдің еңсесі биік" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Нурбауова И. Б.
19
октябрь
2022
Республика кініне орай отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді.
Күз мерекесіне орай жоғарғы сыныптар арасында «Алтын күз» атты "Күз ханзадасы" мен "Күз ханшайымы" байқауы ұйымдастырылды.
18
октябрь
2022
Күз мерекесіне орай жоғарғы сыныптар арасында «Алтын күз» атты "Күз
Көбейді құт- береке Астық толы қоймамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз. Астық жеміс жиылды Қамбамызға құйылды Ардақты күз мың алғыс Алдық өнім сыйыңды Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеу. Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу  мақсатында күз мерекесіне орай жоғарғы сыныптар арасында «Алтын күз» атты "Күз ханзадасы" мен "Күз ханшайымы" байқауы ұйымдастырылды.  Байқауда жеңімпаздар анықталып,
«Алтын күз» атты оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу мақсатында бастауыш сыныптар  арасында ұйымдастырылған мерекелік кеші өтті.
17
октябрь
2022
«Алтын күз» атты оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу мақсатында
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі жақсылығы, әртүрлі мерекесі бар. Сосың ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. «Алтын күз» атты оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу мақсатында бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған мерекелік кеші өтті. сыныптар арасында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
"Жақсы көңіл күй, жақсы қарым - қатынас"  атты тренинг өткізілді.
14
октябрь
2022
"Жақсы көңіл күй, жақсы қарым - қатынас" атты тренинг өткізілді.
"Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-нің  педагог- психологы Ахметқалиева Ботакөздің 7 "а" сынып оқушыларымен "Жақсы көңіл күй, жақсы қарым - қатынас"  атты тренинг өткізілді.Мақсаты оқушылар арасындағы  кикілжіңді жою және оқушылар арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының «Сыбайлас жемқорлықты жою-қоғам міндеті» тақырыбындағы пікірсайысы.
14
октябрь
2022
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының «Сыбайлас жемқорлықты жою-қоғам
Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықты жою-қоғам міндеті» тақырыбында пікірсайыс өтті. Кез келген қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Пікірсайыс барысында қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы екендігі, оған жүйелі көзқарас, жан-жақты және шешуші іс-әрекет қажет екендігі айтылды.
«Қарттарға көмек» акциясы
03
октябрь
2022
«Қарттарға көмек» акциясы
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. "Қарттар күні" мерекесіне  орай мектебіміздің оқушыларымен акция ұйымдастырылды.  Акцияның  мақсаты – жалғыз басты қарт және мүгедектерге көмек көрсету болып табылады.  
"Қарттарым - асыл қазынам"
03
октябрь
2022
"Қарттарым - асыл қазынам"
Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.  Бұл күні біздің мектепте «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында біршама іс- шаралар өтілді. мектепішілік қабырға газеттерін шығаруға барлық сыныптар қатысты. 
«Ұлы - Ұстаздар»  тақырыбында мерекелік іс-шара.
30
сентябрь
2022
«Ұлы - Ұстаздар» тақырыбында мерекелік іс-шара.
"Т.Тоқтаров атындағы орта  мектебі,  мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ  Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке. "Ұстаздар күні!" Осы орайда оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету мақсатында ұстаздарымыздың кәсіби мерекесіне арналған «Ұлы - Ұстаздар» атты мерекелік іс-шара өтті.  Құрметті ұстаздар!💐💐💐 Мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын! Қанаттарыңыз талмай,