02
October
2023
"" ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ" челенджі
"" ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ" челенджі
Мен үшін жақсы мұғалім бәріненле артық,өйткені мұғалім - мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин
АҚСУ АУДАНЫ САҒАБҮЙЕН ауылы ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ орта мектебі челенджді қабылдап менде ұстаз деген ұлы есімге ой толғағым келеді.Қызығымен жауапкершілігі мол мамандық. Ұстаз — ұлы есім. Біздің білім ордамызда қызмет еткен ұстаздардың еңбек еткен, біздің ауылдың білімі мен тәрбиесіне өшпес ізін қалдырған біз үшін ұлы тұлғалар ардагер ұстаздар сіздерге басымды иіп тағзым етем.
Таубаева Кәміш Байболқызы 1923 жылы туған. Қапал пед. училищесін, Абай атындағы КазПИ-дің физика-математика факультетін бітірген. 1942 жылдан 1987 жылға дейін үздіксіз еңбек еткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектепте пионер важатый болып істегенде тылдағы адамдардың еңбегін ұйымдастыруға, жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан. Соғыстан кейінгі жылдары Ақсу ауданының бірнеше мектептерінде ұстаздық еткен. Қоғамдық жұмыстарды белсене атқарған.
Шаяхметова Бижамал 1932жылы Ақсу ауданы Ақсу селосында дүниеге келген. 1940-50 аралығында Ақсу селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті оқып бітірген. 1952 ж Алматы қаласының Абай атындағы Педагогикалық институтының жаратылыс және география факультетіне сырттай түсіп 1957 ж бітіріп шыққан.
Еңбек жолын 1951 жылдан Қарашілік 7 жылдық мектебінде бастауыш сыныпқа сабақ беруден бастаған.
1954ж Киров атындағы бастауыш мектепте
1955ж Гоголь атындағы орта мектепте
1958ж Қызылорақ 7 жылдық мектебінде
1963ж Арасан орта мектебінде
1964ж Т.Тоқтаров атындағы орта мектепте мұғалім болды.
1983ж Тиісті зейнеткерлік демалысқа шықты.
Төлепбергенова Нұрғиса 1937 жылы туған. Абай атындағы КазПИ-ді химия-биология мамандығы бойынша бітірген. Ақсу ауданның Өнім, Тоқтаров, Абай, І.Жансүгіров мектептерінде химия-биология пәні мұғалімі болған. ҚазССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері атағын алған, 1987 жылы зейнеткерлікке шықты.
Жанбағысова Әйніш Жанбағысқызы 1937ж туған. Алматы қыздар педагогикалық институтын 1960 ж математика мамандығы бойынша бітірген. 1960 жылы еңбек жолын бастап 1994 жылға дейін Қапал, Ақсу аудандарындағы Ашыбұлақ, Мұратбаев, Тоқтаров мектептерінде мұғалім болып істеген.Үлгілі отбасының анасы, ұлағатты ұстаз. Мыңдаған шәкірттері ұстаздық жолын жалғастыруда. Әр дайым өз ісіне адал, қоғамдық жұмыста белсенді, өнегелі, үлгілі ұстаз қазір құрметті демалыста.
Осы челенджді әріптестеріме жолдаймын